Еуропаның инвесторлары Қазақстаннан қолайлы бизнес ортаны қалыптастыруды сұрады
Алматы. 14 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына еуропалық инвесторлар келуі үшін қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру керек, деп есептейді Еурокомиссар Фил Хоган.
«Қазақстан әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік алады, алайда еуропалық инвесторлар онда келуі үшін, сонымен қатар олардың сенімді болуы мен Қазақстанда жұмыс істеуге жақсы шарттар болуы үшін қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз етуі керек», - деді Ф. Хоган Астанадағы баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, Еуропалық одақтың бизнесмендері Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің белбеуін қарастыруда және олар қосымша құнды арттыруға болатын тұстарды анықтауда.
«Демек олар қайта өңдеуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауылды жерлердегі өмір сүру сапасын арттыруға қызығушылық танытып отыр, жасыратыны жоқ олар Қазақстанның ғана емес, Қытайдың және алыс Шығыстың нарықтарын қарастыруда», - деді еурокомиссар.
Ол атап өткендей, инвесторлар мұнда өз технологияларын алып келуге және республиканың жер ресурстарын игеріп қазақстандық фермерлермен жұмыс істеуге, сондай-ақ бүгінде ЕО-да бар егін шаруашылығындағы алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөлісуге дайын.
Бұдан басқа, Ф. Хоганның пайымынша, қазақстандық фермерлерде өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға және өнімнің сапасын халықаралық талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік туады.
«Біз ЕО-да аталмыш салада көптеген жетістіктерге жеттік. Сондықтан Қазақстанмен тәжірибемізбен бөлісуге разымыз», - деп атап өтті Еуроодақ өкілі.